2025 жылдың 7-қарашасында Білім және менеджмент институтының «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушылары Умарова Н.С., Аймешева Ж.А. ұйымдастыруымен Қазақстандағы бухгалтерлер және аудиторлардың кәсіби мерекесіне орай «Есеп және аудит» мамандығы білім алушыларына арналған «XXI ғасырдың бухгалтері: цифрлық сауат пен жаңаша ойлау» атты практикалық тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің жеке брендін қалыптастыру дағдыларын дамыту және заманауи еңбек нарығында болашақ мамандарды ерекшелендіретін тиімді түйіндеме жасауға үйрету.

Шара барысында ұйымдастырушылар бухгалтер мамандығы туралы жан-жақты баяндап, оның қазіргі уақыттағы кәсіби және заманауи ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Студенттер шараға белсенді түрде атсалысып, «Бухгалтерлік крокодил» және «Кім шапшаң» секілді интерактивті ойындарға қатысты, оқу тәжірибесін кәсіби жетістіктерге айналдыру бағыттарымен, жұмыс беруші үшін кәсіби түйіндеме (резюме) құрастырумен танысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz