2025 жылғы 23 сәуірде БҚИТУ, СТИ, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында 6В11201-Қоршщаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 6В09103-Ветеринария, 6В09104-Ветеринария (ББББ), 7М09101/7М09102-Ветеринария 6В07501-Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), 6В07205-Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі білім беру бағдарламаларының 1-5 курс білім алушыларымен кездесу өтті.
Кездесу модераторлары: кафедра меңгерушісі, х.ғ.к. Байтлесова Л.И.; кафедра меңгерушісінің орынбасары Кенесарина К.Х.; эдвайзерлер Хамиева Н.С., Әмірғалиева А.М., Мәжитова Н.Б.
Магистранттармен кездесу zoom платформасында онлайн-форматта өтті.
Жиналыс басында білім алушыларға БҚИТУ, Салалық технологиялар институтының 25 жылдығына арналған «Даму, табыс және танылудың 25 жылы» атты бейнеролик пен кітап көрсетілді.
Кездесу барысында кафедра меңгерушісі Лаура Ильясовна Байтлесова оқу процесіне, оқу сабақтарына қатысуына, аралық бақылауларды тапсыруына, барлық практикалардан, академиялық ұтқырлық бағдарламаларынан, кәсіби сертификаттаудан өтуіне, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруына, сауалнамадан өтуіне қатысты сұрақтар туралы толық ақпараттар берді.
Сондай-ақ, 2024-2025 оқу жылында қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша бітіруші курстардың оқушыларына толық түсініктемелер берілді. Ағымдағы оқу жылында білім алушылар қорытынды аттестаттауды тапсырады. Практикалық емтихан мамандардың сапалы дайындығын растау үшін қажет; ол студенттерге өндірістік жағдайларға жақын жағдайда меңгерген кәсіби құзыреттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Кездесу кезінде эдвайзерлер, кафедра оқытушылары оқу сабақтарына үнемі қатысудың, оқу ақысын уақытылы төлеудің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, wkitu.kz университетінің сайтында, Инстаграмдағы бетінде және Салалық технологиялар институтының (ЭБД) электрондық дерекқорында білім беру бағдарламаларына және кафедра қызметіне байланысты кафедралық ақпараттың жаңартылуы туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу барысында білім алушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, соның ішінде оқу ақысы, жазғы емтихан сессиясының кестесі туралы болды. Барлық сұрақтарға толық ақпарат берілді.



