2024 жылдың 14 қарашада БҚИТУ, Салалық технологиялар институтының, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы С.Г. Қанатбаев «Ветеринария» БББ бойынша ВЕТ-31О және ВЕТ-32О топ білім алушыларына Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің доценті, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Б.М. Хусайновпен «Ветеринарлық кәсіпкерлік қызмет» пәнінен «Ветеринариядағы менеджмент және маркетинг» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырды.

Дәріс барысында болашақ мал дәрігерлерінің ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысуға толық мүмкіндіктері бар екендігі туралы, жалпы ветеринария саласындағы менеджмент пен маркетингтің маңызын кеңінен ашып, ветеринарлық кәсіпкерлікпен айналысатын фирманың басшысының сол мекемені басқарудың тиімді жолдары жөнінде толық мағлұмат берілді.

Дәріс өте қызықты, әрі мазмұнды өтті. Студенттер тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтары қойылып, оларға толық жауаптар алынды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz