Күміс университеті – егде жастағы адамдардың заманауи өмірге сәтті бейімделуін, олардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық қозғалыс.
Жобаның мақсаты қоғамның даму стратегиясының бөлігі ретінде білім берудің дәстүрлі түрлерін кеңейту және аға ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін ынталандыру.
Ветеринария және техносфералық қауіпсіздігі кафедрасында тыңдаушылар келесі бағыттар бойынша курстардан өтті: Тұрмыстағы химия, Ветеринария және агроменеджмент, Емдік дене шынықтыру, Төтенше жағдайдағы әрекет алгоритмі.
Курстар барысында тыңдаушылар тамақ дайындаудан бастап жеке күтімге дейінгі өмірдің күнделікті аспектілеріне химияның әсері туралы білді, айналамызда болатын химиялық реакцияларды зерттеді, сонымен қатар физикалық денсаулықты сақтауға арналған жаттығуларды орындап, алғашқы медициналық көмек – жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасауды үйренді.
«Ветеринария және агроменеджмент» модулінде курс тыңдаушылары ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасымен таныстырылып, онда қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау бойынша ауылшаруашылық өнімдеріне сынама жүргізді.
Емдік дене шынықтыру мен төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету курстары нәтижесінде аға ұрпақ өмір сүру деңгейін жақсартып, физикалық белсенділігін жоғарылатып, сол арқылы белсенді ұзақ өмір сүріп, қоғамға және жақындарына пайдалы бола алады.





