2022 жылғы 10 маусымда Орал қаласында “Жасыл трансформация: трендтер мен сын-қатерлер” атты V Халықаралық экологиялық форум өтті. Форум аясында БҚИТУ ИГФ экология және биотехнология кафедрасының студенттері мен оқытушылары мотивациялық спикерлер мен экология саласындағы кәсіби жаттықтырушылардың қатысуымен өткен БҚО-ң студент жастарына арналған “Тұрақты болашақ үшін жасыл курс” атты семинарға қатысты. Семинардың мақсаты экологиялық хабардарлықты арттыру және экологиялық басымдықтар мен құндылықтармен жаңа ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. БЖД-34О тобының студенттері Муканова Анжела, Сластина Валентина, Ажгалиева Аида “Менің экоәдеттерім” тақырыбында авторлық жұмыстарды дайындап, конкурста таныстырды. Барлық қатысушылар форум ұйымдастырушылары тарапынан сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz