2024 ж. 25-қыркүйек күні Петр Атоян атындағы стадионда БҚИТУ университетінің Денсаулық күні оздырылды. Жыл сайын Денсаулық күнін өткізу біздің университетіміздің дәстүріне айналды. Бұл біздің студенттер, кураторлар, ата-аналар денсаулықтың маңызы зор екендігін түсінуі үшін өткізілетін шара болып табылады. Шара БҚИТУ тәрбие ісі бойынша проректоры Абекешев Аянбек Иманбаевичтің кіріспе сөзінен басталды. Дене шынықтыру және информатика кафедрасы орташа және алыс қашықтыққа жүгіру, арқан тартыс, гір көтеру секілді түрлі жарыстар ұйымдастырды. Студенттер жарыстарға белсенді түрде қатысты. Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы бойынша ПД-111 тобы эстафета жарысынан 1-ші және 3-ші орындарға ие болды.


