2023 жылдың 29 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Салалық технологиялар институты құрылтайшысы  Бозымова Айгул  Казыбаевна белсенді студенттермен кездесу өткізді. Университет құрылтайшысы А.К.Бозымова кездесудің студенттер үшін маңыздылығын атап өтіп, оларды белсенді түрде пікір алмасуға шақырды.  Өз сөзінде Айгул  Казыбаевна студенттерге алға мақсат қойып, оған жету, бәсекеге қабілетті, еліне пайдалы болу жөнінде кеңес берді. Ол үздіксіз жеке өзін-өзі дамыту мен оқытудың, сұранысқа ие маман болу үшін өз білімін, іскерлігін, дағдыларын, кәсіби құзыреттілігін кеңейту бойынша тұрақты жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Қорытындылай келе Салалық технологиялар институтының студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенді студенттері құрылтайшы А.К.Бозымоваға, қызықты және пайдалы кездесу ұйымдастырып, сұрақтарға толық жауап бергені үшін және сонымен қатар студенттік бастамаларға белсенді қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыстарын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz