2022 жылдың 4 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Б.Т. Шакешев, тәрбие ісі жөніндегі проректор А.И. Абекешев белсенді студенттермен кездесті.
Кездесу барысында ректор университеттің алға қойған мақсаты мен оқу үдерісіндегі өзгерістерге тоқталып, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен университетіміздің қандай бағытта тәжірибе алмасып жатқанын айтты. Сондай-ақ кездесуде бірлік, толеранттылық, студенттердің ұжымдық рухы, дін және сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды. Ректор өз сөзінде ағымдағы жылдың желтоқсан айында студенттерге арналған коворкинг орталығы студенттерге пайдалануға берілетінін айттып жиылғандарды бір қуантты.
Студенттік ұйымдардың жетекшілері университет басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, шара барысында ректорға түрлі сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Кездесу соңында университет ректоры Б.Т. Шакешев студенттерге осындай мазмұнды кездесу үшін ризашылық танытып, оқуларына сәттілік тіледі. Ашық диалогқа әрқашан дайын екенін айтты.
