2024 жылдың 17-19 қазанында білім ордасында университетті институционалдық аккредиттеу және 10 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өткізілді. Шараны Аккредиттеу және сапаны сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттік (ARQA) жүргізді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен университеттің келесі бағдарламалары өтті:
- 6В01401 Дене шынықтыру және спорт;
- 6В01501 Информатика;
- 6В01601 Тарих;
- 6В04102 Экономика;
- 6В04101 Қаржы;
- 6В04105 Есеп және аудит;
- 6В01101 Педагогика және психология;
- 6В03101 Психология;
- 7М04107 Қаржы.
ARQA Аккредиттеу Кеңесінің 11.12.2024 ж. шешімімен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 7 жылға, университеттің білім беру бағдарламалары 5 жылға аккредиттелді.
Университет ұжымын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтуімен құттықтаймыз!