Көлік және технология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Табинбаев Аманжол Мұратұлын 2024 – 2025 оқу жылында (қысқы қабылдау) кезінде D104 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне» КеАҚ докторантурасына (PhD) түсуімен құттықтаймыз. Бұл ғылыми мансаптағы маңызды кезең және зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.
Аманжол Мұратұлының таңдаған жолында батыл да сенімді жүріп, таңдаған бағытында табыстар мен жеңістерге жетуіне тілектеспіз. Жаңа білім сіздің сүйікті ісіңізде маңызды жаңалықтар ашуға көмектессін. Сізге шығармашылық табыстар мен ғылыми қызметте жоғары нәтижелер тілейміз!