Қазақстан Республикасының бұқаралық спортты дамыту, салауатты қоғам қалыптастыру бағытындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында өткен Университеттер арасындағы Лига жарысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының білім алушылары ерлер арасында волейболдан 1-орынды (жаттықтырушы – Б.А. Медресов), қыздар арасында 3-орынды (жаттықтырушы Қ.Ө. Жұмарыстанов), тоғызқұмалақ ойынынан командалық жарыста 2-орынды иеленді (жаттықтырушы – Н.С. Куспанов).
