2024 жылғы 21 қаңтар мен 28 қаңтар аралығында Ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің салалық технологиялар институтының энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушылары Г.Ш. Утешева, Н.Г. Буранова Тамбов қаласындағы ірі жоғары оқу орындарының бірі – Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде болды. 

Сапар барысында Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде «Кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету және жылу техникасы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., доцент А.Н. Грибковпен, «Ақпараттық жүйелер және ақпаратты қорғау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент И.А. Дьяковпен, «Электр энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент А.В. Кобелевпен 6В06104 – Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер, 6В07102 – Электр энергетикасы, 6В07105 – Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша) білім беру бағдарламалары бойынша жол картасын іске асыру және бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында кездесулер өтті.

Университет кампусының қабырғасында жылы қабылдағаны және қалыптасқан іскерлік және достық қарым-қатынастарды сақтағаны үшін ТМТУ басшылығы мен оқытушылар құрамы тұлғасындағы стратегиялық серіктестерімізге алғыс айтамыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz