Ағымдағы жылдың 31-қаңтарында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының 1 курс студенттерімен Университет әкімшілігінің кездесуі өтті. Кездесуге университеттің тәрбие ісі жөніндегі проекторы А.И. Абекешев, институт директоры А.С. Тасмагамбетов, тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті жетекшісінің м.а. А.К. Нурманова қатысып, білім алушыларға оқу жүйесіндегі өзгерістерді баяндап, университеттің ішкі тәртіп ережелері және түрлі жеңілдіктер туралы түсінік берді. Сондай-ақ университет жатаханасының ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау туралы айтылды. Білім алушылардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Кездесу соңында тәрбие ісі жөніндегі проректор Абекешев А.И. студенттерге оқу жылын жемісті аяқтап, сәтті болуына тілектестігін білдірді.

