Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультет Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен 16.09.2019-20.09.2019ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – тұтастық туы» апталығы өткізілді. Апталық барысында апталықтың ашылу салтанатына орай қабырға газеті сайысы өткізілді, 18.09.2019ж. күні «English in my life» – пікірталасы, 19.09.2019ж. «Языковая и духовная близость народов приуралья» атты әдеби кеші, 20.09.2019ж. апталықтың өткізілуіне белсенділік танытып қатысқан студенттерді марапаттау мақсатында қорытынды кеш өткізілді.


