2019 жылы 8 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетіне Германияның Гамбург қаласынан СЭС қызметкері, профессор Томас Унру келді. Тәжірибелі ұстаз 2016 жылы да университетімізге іс-сапармен келген болатын. Томас Унру педагогика факультінде оқытушылардың сабақтарына қатысып, өзі де түрлі лекция, тренинг, семинарлар өткізді. Томас Унру Ресей, Қытай, Өзбекстан т.б. елдерде қызмет еткен. Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бойынша координаторы С.А.Бекетаеваның ұйымдастыруымен профессор Томас Унру «Оқытудың заманауи инновациялық әдістері» тақырыбында халықаралық дәрежедегі семинар өткізді. Семинарға факультет оқытушылары мен студентері қатысып, соңында сертификаттар табысталды.

