2019 жылдың 25 қыркүйегінде БҚИТУ ИТФ Жалпы білім беру пәндері кафедрасы оқытушыларымен Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған «Тіл халықтың жаны» атты шара өткізілді. Шара ана тілі және еліне сүйіспеншілік пен құрметтеуге тәрбиелеу және түрлі ұлттар тілі, дәстүрі туралы білімдерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Шараны ұйымдастыруға деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Разахова Ф.Ж.,кафедра оқытушылары -ф.ғ.к., доцент Шканова Б.А., аға оқытушылар Жаркеева А.М., Султангалиева А.А., аға оқытушы, магистрлар Курманова Ж.Б,. Тулеуова А.М. жетекшілік етті.

Шараны ұйымдастыру мен өткізуге 1,2 курс студенттері белсенді қатысты: ТД-11 тобынан Мусаев Бахрам, ЭЛ-11 тобынан Манатұлы Ермахан, Платицина Алена,ВТ-22 тобынан Гусеинов Хасай, ОП-12 тобынан Бердашева Арина, Сагидуллин Ернар, НД-12 тобынан Любин Роман, НД-11 тобынан Елемесов Дархан, Шаменов Наурыз, ТТТ-12 тобынан Горюнов Виталий, НД-12 тобынан Досанов Даурен, ТД-11 тобынан Карлова Аружан,ТТТ-11 тобынан Ибраев Мади, БЖД-11 тобынан Болат Жангуль, ВТ-11 тобынан Билжан Шынгысхан, ИС-11 тобынан Толегенов Ақтілек, ЭКЛ-11 тобынан Абдрахманова Карина, ВС-11 тобынан Ахмет Аяжан, ОП-22 тобынан Ахаева Гаухар.

Шара аясында қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі, орыс тілі, кәсіби орыс тілі, шеті тілі, кәсіби бағытталған шет тілі пәндері бойынша әдістемелік құралдар көрмесі ұйымдастырылып, шара тақырыбы бойынша және  тілдің үш тұғырлығы тақырыбы шегінде презентациялар көрсетілді.  «Мемлекеттік тіл  – тәуелсіздік нышаны»,«Язык -душа народа» тақырыбындағы көптілдік білім беруді енгізу бойынша баяндамалар тыңдалды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz