Білім алушыларды кәсіптік сертификаттау БҚИТУ Салалық технологиялар институты қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады, өйткені түлектердің даярлық деңгейінің жұмыс берушілердің талаптарына сәйкестігін растау ретінде қызмет етеді. Осы жұмыс шеңберінде 6В09103 Ветеринария, 7М09101/7М09102 Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары БҚИТУ СТИ ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығының базасында оқудан өтті.

«Ірі қара малды ұрықтандыру технигін дайындау» 36 сағат көлеміндегі бағдарламасы бойынша арнайы дайындық барысында 40-тан астам тыңдаушы курсты сәтті игеріп, «Техник-ұрықтандырушы» біліктілігін алды. Оқу сабақтарын ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының жетекші ғалымдары жүргізді: ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Байтлесов Е.У., биология ғылымдарының докторы, профессор Канатбаев С.Г., ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Днекешев А.К.

Білім беру қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі болып табылады. Алынған практикалық білім мен кәсіби дағдылар олардың қазіргі еңбек нарығындағы жоғары сұранысы мен бәсекеге қабілеттілігіне сенуге мүмкіндік береді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz