2025 жылдың 6-қарашасында Білім және менеджмент институтының «Қаржы және экономика кафедрасының» аға оқытушылары Салимбаева Ш.Д., Умарова Н.С. «TECHNODOM» АҚ «Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика» білім  беру бағдарламаларының білім алушыларына «Бухгалтерлік істі ұйымдастыру» және «Қаржылық талдау» пәндері бойынша тәжірибелік сабақ ұйымдастырды.  

Тәжірибелік сабақ барысында студенттер бухгалтерлік есеп бөлімін жан-жақты зерделеп, алғашқы қаржылық есептілік құжаттарымен танысты. Тәжірибелік сабақ қатысушыларға кәсіпорындағы бухгалтерлік және қаржылық есептіліктің жұмыс кезеңдерімен қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік берді, теориялық негіздері мен практикалық тұстарын түсінуге ықпал етті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz