2016 жылдың 30 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен тұңғыш президент күніне және тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге тілдер және менеджмент факультетінің студенттері қатыстырылды. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел үш тілде жүргізілді және баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде жасалды. Дөңгелек үстел барысында тәуелсіз Қазақстанның 25 жылда жасаған жетістіктері, негізгі әлеуметтік-экономикалық реформалары, даму стратегиясы, Президенттің белсенділігі арқылы Қазақстанның жеткен жетістіктері айтылды.
Дөңгелек үстел соңында «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1 курс студенті Шеркешпаева Асем «Тәуелсіздік» атты төл туындысын оқыды.
