Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздің барлық өңірінде тойлануда. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. Бұл біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсап күткен арманы болатын. Біз үшін Тәуелсіздік – тәңірдің берген ұлы сыйы. Қазақ елінің мемлекет болып қалыптасуының негізін кешегі Алаш Орда тұсындағы қоғам қайраткерлері қалаған болатын.
29 қараша күні осы атаулы мерекеге орай Батыс Қазақстан инновациялық- иехнологиялық университетінің педагогикалық факультетінде «Алаш идеясы – Тәуелсіздік идеясы»тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан халықтары Ассамблеясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мен Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы.
Дөңгелек үстел талқылауына қатысушылар: Ерназаров Ж.Т. –Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының мүшесі; Жумина Ә.Т. – «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сараптама – талдау бөлімінің басшысы; Құрманалин С.Б. – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты; Сүлейменова Д.Д. – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты; Сафуллин Ж.Н. – «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры; Боранбаева Б.С. – Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты; Шайхиев Т.Т. – саясаттанушы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы; Жекекова Н.Ж. – Орал қалалық №1 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі және «Алаштану» үйірмесінің мүшелері мен студенттер.
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының орынбасары Ихсанова Самал Сагингалиевна Қазақстан Халықтары Ассамблеясының жұмысын ұсына отырып:
– Біздің бүгінгі тәуелсіздігімізкешегі Алаш Ордалықтардың басты арманы болды. Осындай өз шекарасы, өз заңы, өз рәміздері бар егемен елде өмір сүріп жатқан біздер бақытты ұрпақпыз, – деп айтып өтті.
Дөңгелек үстел талқылауында ұсынылған мәселелер:
- Қазақстан тәуелсіздігі – қазақ ұлтының ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі
- Алашорда ХХ ғасырдағы қазақтың алғашқы ұлттық мемлекеті
- Қазақ халқының тәуелсіздік үшін күрес тарихындағы Алаш қозғалысының тарихи ролі
- Батыс Алашорданың тарихи қызметіндегі ерекшеліктер
- Алашшылдар қызметіне берілген бүгінгі таңдағы саяси баға, олардың көрнекті жетекшілерінің тарихи тағдырының зерттелу мәселелері
- Жастарды қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу – Тәуелсіздіктің басты ұстанымы.
Дөңгелек үстелге қатысушылар БҚИТУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың оқытушылары мен студенттері тақырыпқа қатысты бір-біріне сұрақтар қойып, кеңінен талқылады.



