2025 жылғы 16 қазанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде (БҚИТУ) 1 курс студенттерімен «АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу. Жастардың қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге келесі мамандар қатысты:
- Зарифова Азиза Бауржановна – «Жастар» жастар орталығының меңгерушісі;
- Тайбуғанова Жансая Ешекеновна – гинеколог дәрігер;
- Ғалымғалиева Бақытгүл Бурамбаевна – ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы;
- Искакова Айгерім Сүйінжановна – психолог.
Шара барысында спикерлер студенттермен АИТВ жұқпасының таралу жолдары, оның алдын алу әдістері, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы кеңінен әңгімелесті. Сонымен қатар, жыныстық тәрбие, жастар арасындағы мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері және АИТВ туралы кең таралған қате түсініктер тақырыптары қозғалды. Студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.


