Халықаралық студенттер күні қарсаңында Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің факультеттері арасында «Жас зерттеушілер – өркендеуші Қазақстанның болашағы» атты фестивалінің II кезеңіне орай «Ғылым және шығармашылық» фестивалі өтті.

Студент жастар арасында достық байланыс орнату, жас өнерпаз дарындарды анықтау мақсатында өткен фестивалде БҚИТУ-дың ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ғабдуалиева сахна төріне көтеріліп, қатысушыларға жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектес екенін білдірді.

Тоғыз аталым бойынша бақ сынаған студенттер өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орынға ілігу үшін барын салды. Сонымен, қазылар алқасының шешімімен «Үздік жүргізуші» аталымында тілдер және менеджмент факультеті бірінші орын алса, педагогика факультеті екінші орын иеленді. Үшінші орын гуманитарлық-заңтану факультетіне бұйырды.

«Эстрадалық ән» аталымында бірінші орынды Дана Жүнісова, (тілдер және менеджмент факультеті), екінші орынды Фараби Меңдібеков (педагогика факультеті), үшінші орынды Милана Шаппазгереева (тілдер және менеджмент факультеті) алды.

«Аспапта орындау шебері» аталымында инженерлік-технологиялық факультеті бірінші орын иеленсе,  екінші орын тілдер және менеджмент факультетіне бұйырды. Үшінші орынға педагогика факультеті жайғасты.

«Хореография» аталымында  бірінші, екінші орынды «Сырғалым» және  «Streed crew» би тобы  (екеуі де – тілдер және менеджмент факультеті), өз ара бөліссе, үшінші орынды «Джокер» би тобы (инженерлік-технологиялық факультеті) иеленді.

«Үздік көркем сөз шебері» аталымында Гүлдана Тендібаева (гуманитарлық-заңтану факультеті) бірінші орын, Ирина Камышева (тілдер және менеджмент факультеті) екінші орын алса, үздік үштікті топ болып өнер көрсеткен  педагогика факультетінің студенттері (қазақ тілі әдебиеті) түйіндеді.

«БҚИТУ кубогі-2019» жайдарман ойыны аталымында «Евразия» құрамасы (тілдер және менеджмент факультеті) бірінші орынға, «Эксклюзив» құрамасы (педагогика факультеті) екінші орынға, «Жайық сарбаздары» құрамасы (инженерлік-технологиялық факультеті) үшінші орынға қол жеткізді.

Ал «Үздік фан-клуб» аталымында инженерлік-технологиялық факультеті бірінші орын, тілдер және менеджмент факультеті екінші орын, педагогика факультеті үшінші орын алды.

 «Үздік видеоролик» аталымында бірінші орынды гуманитарлық-заңтану факультеті ие болса, екінші орын инженерлік-технологиялық факультетіне, үшінші орын педагогика факультетіне бұйырды.

«Үздік дәстүрлі ән» аталымына басқа факультеттердің қатыспауына байланысты бірінші орын педагогика факультетінің студенті  Оңғар Ералыға берілді.

Айта кетейік, әр аталым бойынша жеңіске жеткен факультет студенттері 15 қараша күні ЖОО-лар арасында өтетін облыстық байқауда бақ сынайды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz