2024 жылғы 24 сәуір күні БҚИТУ салалық технологиялар институтының Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасындағы педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты ББ мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін оқыту нәтижелерін бағалаудың әртүрлі заманауи әдістемелерін пайдалану нәтижесінде оқу үрдісінің тиімділігі мен нәтижелілігін жетілдіру болып табылады.

Оқыту әдістемесінің әртүрлі түрлерінің кезектесуі сабақт барысында әлсіреу мен біртектілікті болдырмауға мүмкіндік береді, оқытушы ұсынған ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны құруға қатысатын білім алушылардың белсенділігі мен бастамашылығын ынталандырылады.

Кафедраның ғалымдары мен оқытушылары бейіндік пәндерді оқытудың заманауи әдістерімен таныстырды: оқу-зерттеу жұмыстары, интерактивті тақтаны пайдалану, миға шабуыл түрінде сабақ өткізу, сондай-ақ танымал «дөңгелек үстел» әдісін қолдану.

Оқытушылар білім алушылардың ғылыми жұмыстарын бағалауда қолданылатын оқытудың стандартты емес әдістерін жеке қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Тәжірибе алмасу іс-шаралары оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға жақсы мүмкіндік болып табылады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz