Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетімен Батыс Қазақстан облысы сотының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның аясында бірлескен іс-шаралар кестесі шеңберінде, БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гильманова Динара Мугаппаровна, 2 желтоқсан 2024 жылы  6В04207 «Сот-прокурорлық қызмет» және  6В04202 «Құқықтану»  білім беру бағдарламалары бойынша 2-3 курс білім алушыларына « Алқабиге кандидаттарды іріктеудің ерекшеліктері » тақырыбындағы қонақ дәрісі өткізілді.

Дәріскер Д.М.Гильманова білім алушыларға қазіргі кезеңдегі алқабилерге қойылатын талаптарды, оларды іріктеудің ерекшеліктері туралы өте мазмұнды және толық ақпарат берді. Сонымен қатар, алқабидің тәуелсiздiгiне заңда белгіленген кепiлдiктер қолданылдатыны аталып өтті.

Студенттер тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, дәріскерден толық жауаптар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz