Университеттің жұмыс берушілері мен білім алушыларының өзара іс – қимылының мақсаты – жинақталған білімді болашақ мамандарға беру және оларды өндірістік ортада жұмыс істеуге дайындау, іскерлік дамумағын белгілеу және мансап құрудың мүмкін жолдарын көрсету.

Осы мақсатта «Стандарттау және сертификаттау» ББ (салалар бойынша) және «Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі” ББ білім алушылары үшін «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының меңгерушісі Тлеуова Ләззат Жанайдарқызы шақырылды.

Білім алушылар «сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүргізу ережелері мен құжаттары» тақырыбында дәріс аясында көптеген танымдық ақпарат алды. Дәріс барысында тамақ қауіпсіздігі зертханаларының және жалпы Қазақстан Республикасында халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдануына қатысты мәселелер талқыланды.

Өз білімімен және көп жылдық тәжірибесімен бөлісе отырып, маман-практик білім алушылардың кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға пайдалы әсер етеді. Өндірістегі маманмен сөйлесе отырып, білім алушылардың өнім сапасы саласындағы өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ақпарат алуға бірегей мүмкіндігі бар.

Біз Тлеуова Ләззат Жанайдаровнаға қызықты және танымдық дәрісі үшін алғыс айтамыз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz