2025 жылдың 1-сәуірінде БҚИТУ «Қаржы және экономика» кафедрасы ғылым апталығы шеңберінде «StartUPWKITU-2025» стартап-жобалар конкурсын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлікті дәріптеу, бизнес саласындағы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, сондай-ақ дарынды студент жастарды анықтау болып табылады.  

Байқауға БҚИТУ Білім және менеджмент институтының 3-4 курс студенттері, 2 курс магистранттары 20 бизнес-жоба ұсынды, олардың арасында ішіне шай құйылған шай стақандарын шығарудан бастап, майнинг-ферма құру және қызмет көрсетуге дейінгі қызықты бизнес-идеялар бар.  

Байқауға қорытындысы бойынша 1-орын «FLORA» күтім косметикасы өндірісі» бизнес-жобасы үшін «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ғабдуллина Батимаға берілді. 2-орынды «Жасанды интеллект арқылы автотұрақты ақылды басқару» бизнес-жобасы үшін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бизнес мектебінің «Кәсіпорындағы есеп, талдау және аудит» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Манасова Гита, Костанаева Аида, Уахит Нұрай, сонымен қатар «Ұлттық ойын бизнесін ұйымдастыру» бизнес-жобасы үшін БҚИТУ «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Николаева Гонжа иеленді. 3-орынды БҚИТУ «Экономика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Руслан Дүйсекенов пен Шапиев Бибарс және  «Білім беру-ойын сауық бағытындағы балалар орталықтарын дамыту» бизнес-жобасы үшін «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Айнару Сембаева алды. 

«Грузин тағамдары мейрамханасы» бизнес-жобасы үшін Короб Марина, «Сұлулық салоны» бейнеде» бизнес-жобасы үшін Габдуллина София, «Аграрлық секторда фирма құру» бизнес-жобасы үшін Запромётова Дарья, «Жануарларға арналған қонақ үй ашу» бизнес-жобасы үшін Сапаров Тимур, «Тоқыма шеберханалары» бизнес-жобасы үшін Байбосынова Айдана, «Жануарларға арналған жиһаз жасау» бизнес-жобасы үшін Никита Маштаков номинациялар бойынша марапатталып, өзге қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz