Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің белсенді жастары Қазақстан Республикасының Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевпен кездесті.

Сенатор кездесу барысында қолға алынған реформаларды іске асыру және ел дамуындағы жастардың рөлін талқылады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, білімді, жасампаз және өзгерістерге тез бейімделетін жас буын – ел жаңғыруының қозғаушы күші. Сондықтан қазіргі стратегиялық бағдарламалар мен мемлекеттік жобалар жастарға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, ел Президентінің өңірлерге инвестициялар тарту, жаңа технологиялар енгізу, жаңа кәсіпорындарды іске қосу және жұмыс орындарын ашу жөніндегі өзекті бастамалары да талқыланды. Сенат Төрағасы жастарды Мемлекет басшысы белгілеген Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолындағы міндеттерді іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.