2024 ж. 18-қазан күні шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының докторы (Ph.D.) Тихонюк Екатерина Васильевна «Ақпараттық технологиялар саласындағы ағылшын тілі» пәні бойынша ПД-421 тобымен «Self-Driving Cars» тақырыбына (ББ 6В02301 Аударма ісі) ашық сабақ өткізді. Сабақта CNBC мақаласы және ABC7 News Bay Area арнасының бейнерепортажы сияқты түпнұсқа материалдар пайдаланылды. Сабақтың мақсаты оқу және тыңдау арқылы студенттердің сөйлесу дағдыларын жақсарту болды. Сабақта Тихонюк Е.В. CELTA әдістемесінің негізгі қағидаларын басшылыққа алды: сабақ оқу процесінің коммуникативтік бағытын арттыру үшін ағылшын тілінде өткізілді; мақаламен және бейнежазбамен жұмыс істеу кезінде студенттерге әр түрлі тапсырмалар ұсынылды (таныстыру және іздестіру оқу/тыңдау). Сабақ соңында пікірталас барысында студенттер түрлі тараптан (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, такси жүргізушілері, белсенділер және т.б.) автономды көліктердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады.
