2023 жылдың 6-10 қараша аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде өткен Сапа апталығына орай, 9 қарашада педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Баймуханова Б.К., Кадыржанова Ж.Е. ұйымдастыруымен «Психикалық денсаулық пен әл-ауқат – әр тұлға үшін жаhандық маңызды шарт» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты ‑ психикалық денсаулықты әлеуметтік белсенділіктің, әл-ауқаттың және әрбір адамның толыққанды өмір сүру сапасының құрамдас бөлігі ретінде маңызын айқындау, кез келген стресстік жағдайларға төтеп бере білу және қоғамымызда жағымды психоэмоционалдық ахуал қалыптастыра алу қабілетін дамыту.
Дөңгелек үстелге Жоғары инженерлік–технологиялық колледжінің эксперт психологі К.Б.Омарова, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің педагог-психологі А.С.Муктарова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика және психология білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр А.С.Женисова, және облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі К.Н.Губашева және нарколог дәрігері Н.Ф.Сатанов шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында жастар арасындағы лудомания және құмар ойындарға тәуелділік, суицид, психоактивті заттарды қолданудың алдын алу, бала тәрбиесіндегі психикалық денсаулықтың маңызы тақырыптары төңірегінде мәселелер талқыланды.
