Салалық технологиялар институтында шығыс және кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы табысты іске асырылуда. Ол білім алушылар мен оқытушыларға арналған. Бұл бағдарлама біздің студенттерге бір академиялық кезең ішінде басқа университетте (отандық немесе шетелдік) оқуға мүмкіндік береді. Бұл ретте барлық игерілген кредиттер мен алынған бағалар міндетті түрде қайта есептеледі. Шетелдік азаматтар біздің университетте кіріс ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқи алады. Оқытушылар бұл бағдарламаға қонақ оқытушылар ретінде қатыса алады. Өткен семестрде біздің институттың білім алушыларына арналған қонақ дәрістерін жетекші отандық және ресейлік жоғары оқу орындарының дәріскерлері өткізді. Өз кезегінде академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөлімі студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді дұрыс рәсімдеуге көмектесуге дайын.