2026 жылғы 6-ақпанда университетте Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға Конституция жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндіру, оның маңызын ашу, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділігін қалыптастыру.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жауапты ұйымдастырушылар және әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты. Іс-шара жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына енгізілуі көзделіп отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтық қоғам институттарын нығайту мәселелері ерекше назарға алынды. Сонымен қатар, Конституция жобасының ел дамуы үшін стратегиялық маңызы атап өтіліп, ақпараттық материалдар ұсынылды. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары университет білім алушылары үшін маңызды әрі мазмұнды болды. Аталған іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамауға тәрбиелеуге және Конституциялық реформалардың мәнін терең түсінуге ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz