2024 жылғы 28 қазанда құқық кафедрасында 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушыларымен «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі заң жобасын талқылау» тақырыбы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің БҚО бойынша департаментінің тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы Хален Жантөре Темірболатұлымен қонақ дәріс өткізілді.

Сабақ барысында  мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында және негізгі нарықтарды монополиясыздандыру аясында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту және бәсекелестік ортаны нығайту жөніндегі бағдарламалары  туралы айтылды.

Хален Ж.Т. өз сөзінде дербес жасаған әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы бәсекелестік деп танылады.

 Бәсекелестік: жарыспалылық, адалдық, заңдылық, тұтынушылар құқықтарының сақталу бастауларына негізделеді, олар нарық субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылады.

Дәріскер сонымен қатар ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің БҚО бойынша департаментінің тергеп-тексерулер бөлімінің атқаратын қызметтері туралы айтып берді. Қонақ оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz