2023 жылдың 5 желтоқсанында сағат 10.00-да СТР-32О топ студенттеріне «Сәулет және құрылыс» кафедрасының қауым. профессоры К.А.Нариковтың жетекшілігімен «Тұтас құймалы ғимараттар мен имараттарды тұрғызу технологиясы» пәнінен өндіріс орнында практикалық бағыталған сабақ өткізілді. Сабақ салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үй құрылыс алаңында өтті. Сабақ өтіу кезеңінде білім алушылар тұтас құймалы технологияға қажетті қалып құралдардың құрылымдары мен қандай материалдан жасалған жөніде толық ақпарт алды. Сонымен қатар қалыптарды құрастыру мен бұзу тәсілдерін меңгерді.


