20 қыркүйек 2024 жылы ЖОО мен АООО студенттері арасында ұлттық спорт түрлерінен: «Садақ ату», «Тоғызқұмалақ», «Аударыспақ», «Қазақ күресі», «Арқан тартыс», «Ләнгі тебу», «Қол күресі», «Бес асық», «Асық ату», «Гір көтеру» бойынша «Ұлттық қазына» облыстық спартакиадасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: жастар арасында ұлттық спортты насихаттау. Осы сайысқа қатысқан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрама командасы келесі нәтиже көрсетті:

«Бес асық» – 2 орын, «Тоғызқұмалақ»  – 2 орын, «Аударыспақ» – 3 орын, «Қазақ күресі» – 3 орын, «Ләнгі тебу» – 1 орын, «Арқан тартыс» – 2 орын.

Жеңіске жеткен студенттеріміз бен жаттықтырушыларымызды жетістіктерімен құттықтай келе, алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне беруді тілейміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz