2024 жылғы 11-қарашада Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Нажиева Гулназ Бахытжановна «Қаржы және экономика» кафедрасының «Бизнес және басқару» бағыты бойынша білім алушыларға шеберлік сағаты формасындағы практикаға бағыттадған сабақ өткізді.

Білім алушылар үшін «Жалпыға бірдей декларациялау және салық декларациясын тапсыру 270, 250, 910» тақырыбы сұранысқа ие және өзекті болып табылады. Іс-шараны ұйымдастырушылар – экономика ғылымдарының магистрі, «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушысы Салимбаева Ш.Д., экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Курманова Г.К. Сабақ барысында білім алушылар декларацияларды толтыру және тапсыру («Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-Salyq Azamat», Halyk Bank, Bank CenterCredit  мобильді қосымшалары) туралы ақпарат алып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz