Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті жылдағы дәстүр бойынша білім күнін атап өтті. Бұл күн университетіміз үшін, әсіресе, оқу орнымыздың табалдырығын жаңа аттаған шәкірттерімізге айтулы мереке. Факультетіміздің білім күніне арналған салтанатты жиынына оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор Ж.Т.Ерназаров, педагогикалық факультеттің деканы, х.ғ.к., профессор Б.С.Жұмақаева, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Б.Сабыр жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, лебіздерін жеткізді.


