2023 жылғы 10 наурызда сағат 15.00 – де БҚО ҚАЖД кадр қызметі қызметкерлерінің БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В04202 Құқықтану, 6В04203 – Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламасының білім алушыларымен қонақ дәрісі өтті.
БҚО ҚАЖД кадр қызметі құрамында: тәрбие жұмыстары жөніндегі бастықтың БҚО ҚАЖД кадр қызметі құрамында: тәрбие жұмыстары жөніндегі бастықтың орынбасары Калиев Кенесар Кенжетаевич, кадрлар бөлімінің бастығы Тулепов Мирболат Бауыржанович, аға инспекторы Новикова Нина Ивановна, аға инспектор Маликов Нурбек Едилович «Менің болашақ мамандығым: ҚР ІІМ ҚАЖК кадр саясаты» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс сабағы барысында шақырылған қонақтар ҚАЖК кадр саясаты туралы, ҚАЖК лауазымына үміткерлердің талаптары туралы айтып, ҚАЖК қызметкерлерінің өкілеттіктері, қызметкерлердің тұрғын үй мәселелері, ҚАЖК қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер туралы таныстырды.
Болашақ заңгерлер қонақтарды үлкен қызығушылықпен тыңдап, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тәжірибе мен одан әрі жұмысқа орналасу жөнінде белсенді сұрақтар қойды.