2025 жылғы 4 желтоқсанда мұнай-газ инженериясы кафедрасында ТОО «ЖайықМұнай» бас геологының орынбасары Азамат Мендығалиевич Кусаиновтың қатысуымен кезекті қонақ дәрісі өтті. Дәріс тақырыбы — «Каспий маңы ойпатының тектоникалық құрылысы».
Дәріс барысында спикер Чинарев кен орнының қазіргі жағдайына және скважиналарды геофизикалық зерттеу әдістеріне кеңінен тоқталды. Тыңдармандардың ерекше қызығушылығын осы кен орнында анықталған жаңа мұнай-газ қабаттарының таныстырылымы тудырды.
Іс-шара танымдық әрі мазмұнды өтті: студенттер белсенді қатысып, саланың болашағы мен геологиялық-барлау жұмыстары жөнінде көптеген сұрақтар қойды.
Қонаққа алғысын НД-42 О тобының студенті Жетпісов Нұрым және кафедра меңгерушісі Калешева Г.Е. білдіріп, Азамат Мендығалиевичке кәсіби табыс пен жаңа кен орындарын ашуда зор жетістіктер тіледі.

