2025 жылдың 15-ші қазанында БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Қанатбаев С.Ғ. «Ветеринария» ББ бойынша Вет-41, Вет-42 студенттеріне «Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің филиалы «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу стансасының» ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының магистры А.Д. Адиловпен «Індеттану және жануарлардың індетті аурулары» пәнінен «Ауыл шаруашылығы, етқоректі және жабайы жануарлардың құтыру аурына қарсы күресу және оның алдын алу шаралары» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды.

Дәріс барысында жануарлардың құтыру ауруына жалпы сипаттама, оның негізгі клиникалық белгілері, ауру жануардан сау жануарға қалай жұғатыны туралы, оған қарсы күресу және аурудың алдын алу шаралары жөнінде толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, негізгі ауру таратушылар болып жабайы аңдар (қасқыр, түлкі, борсық, күзен және т.б.) мен бұралқы иттер мен мысықтар болып табылғандықтан, студенттерге «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу стансасының» ғылыми қызметкерлері түсірген видеофильм көрсетілді. Соңғы 3 жыл бойынша, Батыс Қазақстан аумағында, оның ішінде Орал қаласында қанша адам бұралқы иттерге қабылғандындығы жөнінде ресми деректер келтіріліп, бұралқы иттер мен мысықтардың санын азайтудың өте маңызды екендігі туралы айтылды.

Дәріс өте қызықты, әрі мазмұнды өтті. Студенттер тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтары қойылып, оларға толық жауаптар алынды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz