Бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын Мұнай-газ инженериясы кафедрасының студенттері «Мұнай-газ өндірісінің технологиялық процестерін автоматтандыру» модулі бойынша оқуды сәтті аяқтады.
Модуль аясында дәрістік және практикалық сабақтарды автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жүргізді, бұл білім алушыларға теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, мұнай-газ саласында қолданылатын заманауи тәсілдер мен технологиялармен танысуға мүмкіндік берді.
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына жоғары кәсібилігі, нәтижелі ынтымақтастығы, болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі және сапалы білім алуға жағдай жасағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Модульді сәтті аяқтау нәтижесінде студенттер алған білімдері мен қалыптасқан құзыреттіліктерін растайтын сертификаттарға ие болады. Бұл тәжірибе білім алушылардың кәсіби дамуының маңызды кезеңіне айналып, мұнай-газ саласындағы болашақ мансаптарына жасалған тағы бір маңызды қадам болды.
Студенттерді модульді сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы уақытта кәсіби жетістіктер тілейміз!