2023 жылдың 1 желтоқсанында «Көлік және технологиялар» кафедрасының эдвайзерлері Гумаров Д.Ж. мен Қиясова Г.М. 6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 6В07104 Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 6В07101 Көлік, көлік техникасы және технологиясы білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен «Қоғам және мен» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғам қойнауында жеке адамдардың әлеуметтік пісіп-жетілуіне, олардың әр түрлі формалары негізінде еркін дамуына мүмкіндіктер жасалады. Онда әрбір азаматтың мүддесін, еркіндікке, өмірге деген табиғи құқығын жан-жақты қорғауға, қоғамдық өмірдің барлық салалары қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге азаматтық қоғамда жекелеген адамдардың, топтардың қарым-қатынастары реттеледі, болуы мүмкін жанжал – қақтығыстарға жол берілмейді.
Азаматтық қоғам – азаттық қоғам болып қалыптасуына еркін азаматтар ғана біріккен саналы іс-әрекеттерінің нәтижесінде мұндай адами қауымдастықты жасай алатыны сөзсіз. Тәуелсіз еліміздің көгеріп-көркеюі жолында күш-жігерді аямаймыз. Өйткені тәуелсіздік бәрінен қымбат, бәрінен ұлы!

