5 наурыз күні 2025 жылы БҚИТУ СТИ 25 жылдық мерейтойына орай ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында оқытушылары мен эдвайзерлері ұйымдастырған «Менің мамандығым- менің мақтанышым» атты байқауға, БББ 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі және 6В09103 Ветеринария мамандығының 1 курс білім алушылары белсенді қатысты.
Бұл сайыстың өткізілген мақсаты: Білім алушылар арасында жоғары білім аясын дәріптеп, татулық қарым-қатынас орнату, алғырлығы мен ынтасын нығайту, білім сапасы мен үлгерімін кеңейту. Сайыстың қойылған шарты:

1) «Таныстыру» кезеңі (топ аты, ұраны).

2) «Өнер» кезеңі (үй жұмысына дайындалып келген тапсырма).

3) «Тапқырлар» кезеңі.

4) «Қаншалықты білесің» кезеңі.

5) Марапаттау.

ПОҚ құрамынан сайланған қазылар алқасының мүшелері: КӘС жетекшісі Кенесарина К.Х; ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Кейкиева К.К.; ғылым магистрі Хамиева Н.С. білім алушылардың нәтижелерін әділ бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 1 орынды БЖД-11О тобының білім алушылары, команда капитаны Отарғали Ердәулет, 2 орынды ВЕТ-11О тобының білім алушылары, команда капитаны Меңдияр Талшын иеленді.

Жеңімпаздарымызды, кафедраның БББ болашақ мамандарын құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz