Бүгін, 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына жыл сайынғы Жолдауын жасады.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысты. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің әкімшілігі, ұжымы мен белсенді студенттері оқу орнының акт залында тікелей эфир көрсетілімді арқылы жолдауды тыңдады.
Жолдауда дәстүр бойынша ел дамуының негізгі бағыттары – экономика, әлеуметтік саясат, сыртқы саясаттағы басымдықтар және алдағы стратегиялық жоспарлар қамтылды.
Президенттің Жолдауы мемлекеттік органдарға, бизнеске және азаматтық секторға алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттарын айқындап берді.

