2025 жылдың 21 қараша күні Бәйтерек ауданы Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Мамандықтар жәрменкесі» атты кәсіби бағдар беру шарасы өтті. Шараның мақсаты 9-10-11 сынып оқушыларына болашақ мамандықты таңдауды кәсіби бағыт беру. Кездесуге Орал қаласының барлық жоғару оқу орындары қатысты. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының кәсіби бағдар беру бөлімінің маманы Р.С. Ислямов қатысты. Шара барысында мектеп оқушыларына институт туралы видео-ролик көрсетіліп, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Шара соңында мектеп басшылығы БҚИТУ Білім және менеджмент институтының ұжымын кәсіби бағдар беру қызметіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

 

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz