6В07104 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша шақыртылған қонақ жоспарын орындау шеңберінде 2025 жылдың 28 ақпанда «Азот зауыты» ЖШС директоры Максим Андреевич Ермолаевпен «Заманауи жоғары өнімді жабдықтарды ұтымды пайдалану білімі мен дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.
Аталған іс-шараға ТМО-11О, 21О, 22О топтарының білім алушылары қатысты. Дәріс үлкен қызығушылық тудырды және пайдалы диалог түрінде өтті. Кездесуде білім алушылар қажетті практикалық ақпараттар алды.
Білім алушылар шақырылған қонаққа ынтымақтастық және онымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Бұл формат білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді және білім алушылардың кәсіби бағдарына тікелей әсер етеді деп санаймыз.