2025 жылдың 5-мамырында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менджмент институты, Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағызым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Ұлы Жеңіске 80 жыл: тарих, тағдыр, тағылым» тақырыбында Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері Ахмедияр Қуанұлы Батырхановпен тілдесу алаңы өткізілді.
Шара барысында Ахмедияр Қуанұлы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен елдік туралы, соғыс ардагерлерінің тағдыры мен тарихы жөнінде терең мағлұмат беріп, музей жұмысы мен Мәншүк Мәметованың өмір жолына қатысты тың деректермен бөлісті. Сонымен қатар жастармен сұхбаттасып, олардың сұрақтарына жауап берді. Шараға университет студенттері мен оқытушылары белсенді қатысып, тарихи құндылықтар мен отаншылдық тәрбие жөнінде маңызды ой-пікірлер ортаға салынды.