2026 жылғы 28 мамыр күні тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес студенттердің азаматтық-патриоттық тәрбиесін нығайту мақсатында Орал қаласындағы Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне орнатылған Стелла мен Мәңгілік алауға тағзым ету шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттер халқымыздың бейбіт өмірі мен жарқын болашағы үшін күрескен майдангерлердің ерлігі туралы тың ақпараттармен танысты. Жастар Отан қорғаушылардың жанқиярлық ерліктерін еске алып, Мәңгілік алау алдына гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарының рухына тағзым етті.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, тарихи жадыны сақтау, ел қорғаған батырлардың ерлігіне құрмет көрсету және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру болды.

Тәрбиелік мәні зор бұл іс-шара студенттердің туған ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін нығайтуға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz