Салалық технологиялар институтының қабырғасында комплаенс қызметінің жұмыс жоспарына сәйкес оқу-танымдық семинар өткізілді. Семинарда профессорлық оқытушылар құрамның ұсынысына сәйкес жасалған тақырыпта баяндамалар жасалып талқыланды. Комплаенс қызметтің төрағасы СТИ-дің комплаенс офицері, құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к. Т.Х.Рахметов “Адал – Азамат” және “Заң және тәртіп” ұғымдарының бұзылуы тақырыбында баяндама жасаса, комплаенс кеңестің мүшесі «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Куатбек «Оқу процесінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау» тақырыбында баяндамасын ұсынды. Семинарда қарастырылған баяндамалар бойынша сұрақтар қойылып тыңдаушылар тарапынан қызығушылықтар орын алды. Осындай семинарлар алдағы уақытта өз жалғасын табады деген ойдамыз.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz