2025 жылдың 25 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтының «Құқық» кафедрасында Орал қаласының мектеп оқушыларымен «Құқық» пәнінен «Менің құқықтарым және жауапкершілігім» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Конкурсқа қала мектептері белсене қатысып, ең үздік деген жұмыстар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және номинациялармен, ал олардың ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға университет құрылтайшысы тарапынан оқу ақысына жеңілдіктер берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz