Ағымдағы жылдың 07 ақпанында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушылары Карабалин Д.М., ж.о.ғ.м. Ихсанова С.А. 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша БҚО ӘББ “Жоғары аграрлық-техникалық колледжі” МКҚК оқушыларымен кездесіп кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесуге «Жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағад және қабылдау комиссиясы» бөлімінің жетекшісі У.А. Жангалиева, куратор А.К. Амангалиева және «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 11 кластан кейінгі СТ-621.2, 9 кластан кейінгі СТ-641.2 оқу топтарының оқушылары қатысты.

Білім алушыларға университетімізге қатысты материалдар мен буклеттер таратылып, презентация-слайд көрсетіліп, оқу бағдарламасы, материалдық-техникалық базасы туралы толық ақпарат берілді. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша екі топ бойынша барлығы 50 оқушы қамтылды, оның 50-де мемлекеттік тілде білім алады.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz